АИБД ҰҒПО-ның Ресурстық орталығының базасында 2021 жылғы 22 қыркүйекте жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік кеңес өтті. Жұмысқа Алматы қаласы мектептерінің инклюзивті білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін білім басқармасының мамандары мен әдіскерлер қатысты. Кездесу тәжірибешілермен қызу әңгімелесумен өтті, онда педагог-ассистенттің функционалдық міндеттері, жұмыс жүктемесі, психолог, логопед, арнайы педагогтың қажетті құжаттамасын жүргізу талқыланды. Талқылау барысында қабылданған ұсыныстар мен ұсынымдар «Білім беру ұйымдарында ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау ережелері» құжатына енгізіледі.
Қазақ тілінде оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру зертханасының 2021 жылға алынған «Онтогенез барысында 4-6 жасар балалардың ана тілі жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері мен жалпы заңдылықтарынасалыстырмалы талдау жүргізу» аттытақырыбында ғылыми зерттеу жұмысы аясында Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы КМҚК «Ұлан» балабақшасының тәрбиешісі аталмыш балабақшаның тәрбиеленушілерімен зерттеу жүргізіліп жатқандығы туралы алдыңғы айдарларда жазған едік. Тақырып аясында «Балаңыздың сөйлеу тілінің дамуы қаншалықты маңызды» атты сауалнама сұрақтары талқыланып, құрылып, тәрбиеленушілердің ата-аналарына ұсынылған болатын. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға сауалнамалардың нәтижелерін ұсынып отырмыз.
Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз