Соңғы жылдары бастауыш мектепте оқуда түрлі қиындықтары бар балалардың саны біршама өскенін атауда (А.Н. Корнев, Омирбекова К.К., Р.И. Лалаева, М.Е. Хватцев, Л.Н. Ефименкова).
Бұл қиындықтарды туғызатын себептер көп мәнді. Сөз жалпы мектепте оқитын оқушылар жайында болуда. Алайда мұндай балаларға арнайы көзқараспен қарау, ерекше назар аудару, мұғалімдер, логопедтер мен ата-аналарының қолдауы және уақытылы, жүйелі түрде көмек болуы қажет. Белгілі бір мектеп пәнін меңгерудегі қиындықтар көбінесе мектептегі дезадаптация, оқу мотивациясының кенеттен төмендеуінің, осыған байланысты мінез-құлығындағы ауытқулар себебі болып табылады. Олардың ішінде жиілігі бойынша логопедтің арнайы түзету көмегін қажет ететін оқу мен жазудың бұзылуы бірінші орында тұр.
Әдістемелік нұсқауда бірінші сынып оқушыларын дисграфиядан алдын-ала сақтандыру жұмысы кеңінен қарастырылып, әр жұмыс бағыттары бойынша әдістәсілдер жүйеленіп, сабақ үзінділерін үлгілері берілген.
Жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстары бастауыш мектепте өте өзекті мәселе болып табылады және кеңінен таралған. Әдістемелік нұсқауда ұсынылған тілдік талдау мен жинақтау дағдыларының бұзылуы салдарынан болған жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысын түзету-логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары мұғалім-логопед мамандардың осы балалармен логопедиялық жұмысты бағытты және тиімді ұйымдастыруына септігін тигізеді.
Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз