Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды кешенді диагностикалау және оңалту зертханасы

Зертхана меңгерушісі - психология ғылымдарының кандидаты А.Ерсарина

2019-2021 ж. зертхана келесі тақырыптар шеңберінде жұмыс істейді:

1. «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардағы балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздері».

2. «Ақыл-ой, есту (кохлеарлық импланты бар), сөйлеу және аутизмі бұзылған балаларды түзете-дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» (ППТК және ОО үшін).

Зерттеу кезеңдері

2019 жыл

- балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін деңгейлік бағалау өлшемдері мен технологияларын әзірлеу;

-ақыл-ойы, есту қабілеті (кохлеарлық импланты бар), сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды түзете-дамыта оқыту бағдарламалары мен технологияларын әзірлеу және сынақтан өткізу. (I кезең).

2020 жыл

- балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін деңгейлік бағалау өлшемдері мен технологияларын сынақтан өткізу;

-ақыл-ойы, есту қабілеті (кохлеарлық импланты бар), сөйлеу және аутизмі бұзылған балаларды түзете-дамыта оқыту бағдарламалары мен технологияларын сынақтан өткізу (II кезең).

2021 жыл

- жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық сүйемелдеуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.

-тірек-қимыл аппараты, есту қабілеті бұзылған (кохлеарлық импланты бар) және аутизмі бар балаларды түзете-дамыта оқыту бағдарламалары мен технологияларын сынақтан өткізу (III кезең).

Практикалық шығу:

1. «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау жүйесі» әдістемелік ұсынымдар.

2. ОО және ППТК-де ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды түзете-дамыта оқытудың арнайы түзету жеке, топтық және кіші топтық дамыту бағдарламалары.

3. «ППТК және ОО жағдайында ақыл - ой және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалармен түзету-педагогикалық жұмыс» әдістемелік ұсыным.

4. «ППТК және ОО жағдайында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған балалармен түзету-педагогикалық жұмыс» әдістемелік ұсыным.

5. «ППТК және ОО жағдайында аутизмі бар балалармен түзету-педагогикалық жұмыс" әдістемелік ұсыным.


 


Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz