Бос жұмыс орындары

 Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ММ-не Пресс-секретарь - Social Media Market.


 Лауазымдық міндеттері:
-баспасөз конференцияларын, брифингтерін, «дөңгелек үстелдер» мен басшылықтың қатысуымен кездесулер ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерге сапарлармен шығатын ресми делегацияны ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
- кәсіпорынның, оның басшысының және құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы материалдар жасауда бұқаралық ақпарат құралдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету;
- ақпараттық материалдар (мақалалар, мамандандырылған бағдарламалар мен басылымдар) шығаруға қатысу және құру.
- басшының бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттарын, тікелей эфирлерін, баяндамаларын дайындау.
- орталық пен басшының оң беделін қолдау, тиісті қоғамдық пікір қалыптастыру;
- желіде алға жылжыту стратегиясын әзірлеу;
- жазылушыларды тарту, аудиторияны ұлғайту;
- жазылушылармен байланыс;
- беттерді алға жылжыту тиімділігін бақылау;
- әлеуметтік желілерде бренд туралы ескертулермен жұмыс, беделді маркетинг;
- кеңестер, семинарлар, дәрістер, көрмелер өткізуге қатысу;
- атқарылған жұмыс туралы ай сайынғы және жыл сайынғы есептілікті дайындау;
- өз қызметін ЕБҚ бар балалармен жүзеге асыратын ҒПҰ-мен байланыс;
Бөлім бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға және жабдықтар мен оқу-әдістемелік материалдарға қойылатын талаптар мен техникалық ерекшеліктерді әзірлеуге қатысу.
Білуге тиіс:
- тартымды мәтіндерді жаза білу, сауатты сөйлеу (ауызша және жазбаша);
Facebook, Instagram, Одноклассники, YouTube, Twitter және т. б. - әлеуметтік медианың мүмкіндіктері мен шектеулерін білу;
- әр әлеуметтік желіде алға жылжыту ерекшелігін түсіну;
- веб-аналитика сервистерімен жұмыс тәжірибесі (Google Analytics, Яндекс. Метрика және басқалар);
- графикалық редакторлармен және фотостоктармен өзара әрекеттесу бойынша базалық құзыреттіліктің болуы;
- SEO және CMS жұмысының жалпы айқындамаларынтүсіну;
Өз қызметінде ҚР заңнамалық актілерін, ұйым Жарғысын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, компанияның басқа да нормативтік актілерін; басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін; осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл (болғаны жөн).

-
 
 

 

 

Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ММ-не техникалық редактор қажет. 

 
Білуге тиіс: 
- ғылыми-әдістемелік әдебиетті, ақпараттық және нормативтік материалдарды техникалық редакциялау әдістерін;
-кітап-журнал басылымдары үшін мәтіндік түпнұсқаларды дайындау мен белгілеудің, суреттемелердің түпнұсқаларын дайындау мен ресімдеудің техникалық қағидаларын;
-техникалық баспа ерекшелігін, басылымдарды көркем-техникалық ресімдеу жобаларын жасау тәртібін;
- қолжазбаны өндіріске тапсыруға дайындау ережесін, баспаға түзету бедерлерін, басылымдарды көркем-техникалық ресімдеу бойынша стандарттар мен техникалық шарттарды, баспаханалық қаріптер және оларды қолдану ережесін;
- басылым көлемін есептеу тәртібін, баспа және полиграфиялық өнімнің жоспарлы-есептік өлшем бірліктерін, стандартты түзету белгілері мен таңбаларын, техникалық редакциялауға арналған қолданыстағы нормативтерді;
- Полиграфиялық өндіріс технологиясын, полиграфиялық өндірістің экономикасы және ұйымдастырылуын, еңбекті ұйымдастыру негіздерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.
Өз қызметінде ҚР заңнамалық актілерін, ұйым Жарғысын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, компанияның басқа да нормативтік актілерін; басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін;  лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алуды.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жұмыс өтіліне талап қойылмай, тиісті мамандық бойынша жоғары білімі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Шарттары:
* бес күндік жұмыс аптасы
* тұрақты жалақы
Жұмыс түрі:
Толық жұмыс, толық жұмыс күні.
 
-

Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ММ-не беттеу маманы қызметімен қоса көркемтіл редакторы қажет. 
Білуге тиіс: 
- брошюралау операцияларының түрлері мен мақсатын;
- стандартты қағаз форматтары мен кітаптың құрамдас бөліктерін;
- беттерді түйістіру, кесу және бүктеу, блоктарды жинақтау тәсілдерін;
- брошюралау процесінде қолданылатын негізгі материалдардың сипаттамасын;
- жартылай фабрикаттар мен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды;
- хатқалталарды тарқату, бүктеу, жағу және желімдеу тәсілдері; орта және шағын форматты жазық басу машиналарында басып шығару жұмыстарын орындау.

         Біліктілікке қойылатын талаптар. Жұмыс өтіліне талап қойылмай, тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Шарттары:
* бес күндік жұмыс аптасы
* тұрақты жалақы
Жұмыс түрі:
Толық жұмыс, толық жұмыс күні.
 
 
Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми практикалық орталығы ММ-не экономист керек. 
Лауазымдық міндеттері: 
- Ұйымның экономикалық қызметін іске асыру бойынша жұмысты орындайды;
- заңнамаға сәйкес салықтық және басқа бюджетке төленуі тиіс төлемдерді, зейнетақылық аударымдарды және басқа төлемдерді, капиталдық салымдарды қаржыландыру қаржысын, қызметкерлердің жалақысын және т.б.  есептеуді және аударуды жүргізеді. 
Талаптар:
-білімі жоғары, жұмыс тәжірибесі болғаны жөн. 

 

Түйіндемені мынадай эл. мекенжайға жіберу керек: e-mail: nnpckp@mail.ru немесе nnpckpbuh@mail.ru
Мекенжай: Алматы қ., Байзақов к-сі, 273-А

 


Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz