«Арнайы және инклюзивті білім берудің Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ 2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап 27 желтоқсанға дейін өткізілетін іс-шаралар жоспарланғаны туралы хабарлайды.
2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап 27 желтоқсанға дейін «Мектепке дейін арнайы білім беру ұйымдары жағдайында оқу-тәрбиелеу және дамыту процесін ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейін арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған біліктілікті көтеру курстарын өткізу жоспарлануда.
Курстардың мақсаты:
1) Заманауи халықаралық психологиялық-педагогикалық технологиялар мен оқу-тәрбие практикалары негізінде тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру;
2) тәрбиешілерде ерте және мектепке дейінгі жастағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың психикалық-дене дамуын бағалау саласында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру;
3) мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытудың жеке-түрлік ерекшеліктеріне сәйкес ерте және мектепке дейінгі жастағы балалармен білім беру түзету-дамыту жұмысын жоспарлау, іске асыру және талдау білігін дамыту.
Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар:
1) Заманауи тәрбиешінің рөлі мен миссиясының мәнін, арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктерін білу, жеке және кәсіби өзін-өзі жетілдірудің маңыздылығын және кәсіби дамуды қолдау қажеттілігін түсіну;
2) ойын технологияларын пайдалану бойынша жұмысты жоспарлай білу, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі әдістерін пайдалана отырып, топтық (жеке) түзету сабағының технологиялық карталарын әзірлеу;
3) мүмкіндігі шектеулі балалармен оқу-тәрбие және түзету жұмыстарының заманауи әдістерін, нысандары мен тәсілдерін түсіну және қолдану.
Іс-шараның үйлестірушісі 222 «Арнайы білім берудің психологиялық-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру» бағдарламасы болып табылады.
Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз