Пресс-релиз

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» РММ 2021 жылғы 29 қараша – 10 желтоқсан аралығында жаспарланған іс-шаралар туралы хабарлайды.

2021 жылдың 29 қараша –10 желтоқсан аралығында жалпы білім беру ұйымдардың психологтарына арналған «Түрлі білім беру жағдайында мектепке дейінгіжастағы көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Курстың мақсаты:

1) Нормативтік құқықтық актілерде бекітілген Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту жүйесіндегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары мен қағидаттарын зерделеу;

2) әртүрлі білім беру жағдайларында мектеп жасына дейінгі көру қабілетінің бұзылысы бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру мәселелерінде тифлопедагогтар мен тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру;

3) білім беру процесінің барлық қатысушылары тарапынан көру қабілетінің бұзылысы бар баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету контексінде тәрбиеленушілерді тәрбиелеу-білім беру қызметін жобалау, жоспарлау және психологиялық-педагогикалық қолдау білігін қалыптастыру.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар:

1) Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының мәнін, психологиялық-педагогикалық қолдау процесінің негізгі құрамдас бөліктерін және оны ұйымдастыру негіздерін білу;

2) көру қабілетінің бұзылысы бар тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерінің ерекшелігіне сәйкес педагогикалық процесті жобалау, жоспарлау кезінде теориялық білімді қолдана білу, білім беру процесіне барлық қатысушылар тарапынан баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің бағыттары мен мазмұнын жоспарлау кезінде командалық тәсілді қолдану.

Іс-шараның үйлестірушісі 222 «Арнайы білім беру психологиялық-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру» бағдарламасы болып табылады.


Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz