«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» РММ 2021 жылғы 09 қараша – 13 қараша аралығында жаспарланған іс-шаралар туралы хабарлайды.
2021 жылдың 09 қарашадан бастап 13 қарашаға дейін арнайы ұйымдардың логопедтеріне арналған «Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы кезіндегі логопедтік жұмыс мазмұны» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.
Курстың мақсаты:
1) қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру ұйымдарының логопедтерінің жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық база саласындағы білімді кеңейту;
2) сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында түзету-логопедтік жұмысты ұйымдастыру мәселелерінде логопедтердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру;
3) ҚР Білім беру ұйымдары мамандарының құжаттамасын жүргізуге қойылатын бірыңғай талаптармен таныстыру.
Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар:
1) сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түзету-логопедтік жұмысын ұйымдастыруда және мамұнындағы қазіргі заманғы маманның рөлі мен орнын білу;
2) сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсету саласындағы негізгі құзыреттіліктерді меңгеру;
3) өз қызметін және балалардың қызметін жақсарту бойынша түзету-педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелердің, әдістердің, тәсілдер мен амалдардың болуы және оны қолдану.
Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз