Қазақ тілінде оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру зертханасының зерттеу бағытындағы кезекті жұмысы бойынша ақпарат

Баланың қалыпты дамуында сөйлеу тілі оның барлық қабілетінің: тану, білу, меңгеру, қабылдау, есте сақтау, зейін аудару, қарым- қатынасқа түсу, танымдық-зерделеу және ойын әрекетінің дамуының негізі болып табылады.

Бүгінде қазақ тілінде оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру зертханасының аға ғылыми қызметкері А.С. Оспанова және педагог экспериментатор Ж.К.Ахмадиева 2-4 жастағы балалардың сөйлеу онтогенезі барысында ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу заңдылықтары мен ерекшеліктерін салыстырмалы талдау бағытында баланың ересектердің сөйлеу тілін түсінуінің маңыздылығына көңіл аударды. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданумен қатар, балалардың өзара тілдік қарым-қатынасында бірін-бірі дұрыс түсінуі, ересектердің нұсқауларын бұлжытпай орындауы келесідей зерттеу міндеттерін ашуға мүмкіндік берді. Атап айтсақ:

- белсенді және енжар сөздік қорының көлемін анықтауға;

- сөйлеу тілінің грамматикалық жағын түсінуін анықтауға;

- байланыстырып сөйлеу тілінің жағдайын анықтауға;

- сөзжасам сөз өзгерту дағдыларын түсінуін анықтауға т.б.

Ерте және мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу тілін түсінуін анықтаудың ең жеңіл тәсілі- қарапайым нұсқауларды орындауы болса, оны дұрыс орындау үшін бала сөйлемнің ішіндегі сөздердің құрамын және олардың синтаксистік байланысын түсінуі тиіс.

Сондай-ақ сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуы мен дамуында баламен үнемі коммуникативтік дағдыларды іске асыру керек.

Суретте зерттеу базасындағы балалардың өзара сөйлесуіндегі тілдік ерекшеліктерінбақылау сәті

 

Қазақ тілінде оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру зертханасының зерттеу бағытындағы кезекті жұмысы бойынша ақпарат

Қазақ тілінде оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру зертханасының зерттеу бағытындағы кезекті жұмысы бойынша ақпарат

Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz