«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық-ғылыми практикалықорталығы» РММ (АИБД ҰҒПО) 2021 жылдың 06 – 16 сәуір аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды.
2021 жылдың 06-16 сәуір аралығында АИБД ҰҒПО -да жалпы білім беретін мектептердің педагого-психологтарына, логопедтеріне, арнайы педагогтарына, педагог-ассистенттеріне арналған «Жалпы білім беретін мектептерде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді.
Курстың мақсаты: инклюзивті білім беру жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша педагог-психологтардың, логопедтердің, арнайы педагогтардың, педагог-ассистенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Оқыту барысында курс қатысушылары:
1. Нормативті-құқықтық актілерімен бекітілген инклюзивті білім беруді дамытудың мемлекет саясатының негізгі бағыттарын, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды мектепте психологиялық-педагогикалық қолдаудың әлеуметтік-педагогикалық аспектілерін зерделейді;
2. Жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқушылардың білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау алгоритмдерін, командалық тәсіл ұстанымына сәйкес оқушылардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін психологиялық, арнайы педагогикалық, логопедиялық жан-жақты тексеру әдістерін меңгереді;
3. Жалпы мектепте оқитын білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау жағдайында жеке дамыту бағдарламаларын құрастыруда, оқу бағдарламаларын бейімдеу, жекелендіру және оларды жүзеге асыру барысында мамандар мен мұғалімдердің өзара коллаборативті әрекеттесу дағдыларын қолдануға дайын болады.
Сабақтар қазақ тілінде онлайн режимінде жүргізіледі.
Іс-шараның координаторы: Бағдарлама-222 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін көтеру және қайта дайындау»».
Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз