Пресс-релиз

     2021 жылдың 22 ақпан – 04 наурыз аралығында «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығы» РММ-де мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған  «Сөйлеу тілі жалпы дамымаған мектепке дейінгі жастағы балалармен логопедиялық жұмысының мазмұны» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді. 
 
Курстың мақсаты: 
1) арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмысын ұйымдастыруда жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалармен жұмыс жасайтын логопедтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру;
2) арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының логопедтерінің мектепке дейінгі мекемеде логопедиялық жұмысын ұйымдастыру және мазмұны туралы түсінігін кеңейту;
3) логопедиялық жұмысында әр түрлі бұзылыстардың алдын алу және жою бойынша заманауи компьютерлік технологияларды қолдану мүмкіндіктерін көрсету;
 
Курс соңында тындаушылар:
1) сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға түзету көмек көрсетуді жақсарту тәсілдерін және әдістерін  түсінеді және қолданады;
2) кәсіби серіктестіктерді құру, сөйлеу қабілеті бұзылған балаға көмек көрсететін мамандармен және ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларына ие болады.
Сабақтар қазақ тілінде онлайн режимінде жүргізіледі. 
Іс-шараның координаторы: «Арнайы білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру» 222 Бағдарламасы.

Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz