Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын алдын алу және сауат ашуға дайындау

2015  жылдың 11.05-20.05 аралығында Түзету Педагогикасының Ұлттық ғылыми- практикалық орталығында (ТП ҰҒПО) «Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын алдын алу және сауат ашуға дайындау»  тақырыбында  арнайы білім беретін мекемелердің логопедтеріне  арналған біліктілікті жетілдіру курстары өтті.

Курс жетекшісі: Тулебиева Г.Н.

Курсқа тындаушылар Республика өңірлерінің әр жерінен келді: Астана, Алматы,  Тараз қалаларынан; Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Қарағанды Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарынан. 

Келген педагогтардың саны -24 адам. Логопедтердің құрамы: басым пайызы сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептердің және балабақшалардың логопедтері, екі-үш тындаушы коррекциялық кабинеттің логопедтері. Тындаушылардың көбінің  базалық білімі «дефектология» мамандығы бойынша жоғары білімді, бір тындаушы қайта даярлау курсын бітірген екен.

Курста дәріс оқуға төмендегідей дәріс берушілер шақырылды: м.ғ.к. Шубаева Ғ.С., филология ғ.к. Сейсенова А.Д., ҚР ТП ҰҒПО «Қазақ тілінде оқитын мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы білім беру» зертханасының қызметкерлері, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Арнайы педагогика» кафедрасынан: аға оқытушылар: Тулебиева Г.Н., Ибатова Г.Б.,  Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің  «Әлеуметтік және арнайы педагогика» кафедрасының оқытушысы Нұрсеитова  Ж.Ж.; сөйлеу тілі күрделі бұзылған балаларға арналған № 66 балабақша логопедттері Сағымбаева Г.К., Байнусопова О.К.

11.05.2015- 20.05.2015ж. аралығында курстың  оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес дәрістік сабақтар мен қатар тәжірибелік сабақтарды да жүргізілді.  Дәріс сабақтарында сөйлеу тілі бұзылыстарының заманауи жіктелуі, жазбаша және ауызша сөйлеу тілінің салыстырма сипаттамасы, жазбаша және ауызша сөйлеу тілін ажырату критерийлері, жазбаша сөйлеу тілінің көпдеңгейлі құрылымының сипаттамасы: нейрофизиологиялық, психологиялық, лингвистикалық деңгейлері. Жазбаша сөйлеу тілінің нейрофизиологиялық, психологиялық, лингвистикалық деңгейінің сипаттамасы, жазу мен оқудың ерекшеленген бұзылыстарының сипаттамасы берілді, сонымен қатар  мектеп жасына дейінгі балаларда және бастауыш сынып оқушыларында жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын алдын алудың бағыттары мен ЖСТД балаларды сауат ашуға оқытудың ерекшеліктері қарастырылды. Білім саласындағы қызметкерлердің құқығы және еңбек заңнамалары туралы мәліметтер берілді. 

Курс тыңдаушылары Түзеу үлгісіндегі ММ «Сөйлеу тілі күрделі бұзылған балаларға арналған № 66 балабақшада» және Сөйлеу тілі күрделі бұзылған балаларға арналған №9 мектепте логопедттермен мүғалімнің сабақтарына қатысып тәжірибелерімен алмасты. Тыңдаушылар осы білім беру ұйымдарда логопедттердің жүргізетін құжаттармен, ұйыдардың жұмыс ерекшеліктерімен танысты.

Дәріс барысында АКТ және үлестірмелі материалдар кеңінен қолданылды. 

Бақылау жұмысы ретінде тындаушылардан өтілген курс жөнінде рефлексивті есеп жазу талап етіліп, қабылданды. 20.05.2015ж. тыңдаушылардың  білімдерін тексеру үшін тақырыпқа сай тест тапсырмалары ұсынылды, әр қайсысына 20 тест сұрақтары беріліп, 15 минут уақыт бөлінді. Тестке берген жауаптары тексеріліп, бағаланды. 

Курс соңында тындаушыларға сауалнама таратылып, оларды толтыру ұсынылды.   Тындаушылардың барлығы өз пікірлерін айтып, ризашылығын білдірді. Қазақ тілді курстарының аса қажетті екенін айтып, мемлекеттік тілде арнайы оқу-әдістемелік материалдарының тапшылығын атап өтті. Тындаушылар  тақырыпқа сай оқылған дәрістер мен практикалық сабақтарды жоғары деңгейде жүргізген оқытушыларды жеке атап алғыстарын білдірді: Өмірбекова Қ.Қ., Шубаева Ғ.А., Сейсенова А.Д., Ибатова Г.Б., Тулебиева Г.Н. және тәжірибелік сабақтарды жүргізген Сағымбаева Г.К., Банусопова О.К.., Ахметкалиева Ж. 

Тындаушыларға  «Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын алдын алу және сауат ашуға дайындау» тақырыбы бойынша  білімдерін арттыру курсын бітіру жөнінде сертификаттар тапсырылды.

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын алдын алу және сауат ашуға дайындау

 

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын алдын алу және сауат ашуға дайындау

 

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын алдын алу және сауат ашуға дайындау

 

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын алдын алу және сауат ашуға дайындау

 



Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz