Тасжурекова Ж.Т., Сейсенова А.Д., Ибатова Г.Б., Оспанова А.С. «Сөйлеу тілі онтогенезі барысында ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері», 2020 ж.

Тасжурекова Ж.Т., Сейсенова А.Д., Ибатова Г.Б., Оспанова А.С.
авторлық ұжымымен дайындалған

Сөйлеу тілі онтогенезі барысында ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері
әдістемелік ұсынымдарға

АҢДАТПА
     Авторлық құрам дайындаған әдістемелік ұсынымдар ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілі онтогенезі барысында ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу мәселесіне арналған. 
Мазмұнға: кіріспе, бес  бөлім және қорытынды кіреді. Жұмыста  ерте  және мектеп жасына дейінгі жастағы  балалардың ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін анықталды.
     Бұл әдістемелік ұсынымдарда ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері, дыбыс айтуының дамуы, фонематикалық естуі, сөздік қорының ерекшеліктері, сөйлеу тілінің  грамматикалық құрылымының қалыптасуы, байланыстырып сөйлеу тілінің ерекшеліктерін  жан-жақты зерттелді. 
     Әдістемелік ұстанымдарда  «Сөйлеу тілі онтогенезі барысында ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктеріне қатысты  негізгі эксперименттік мәліметтер алу бойынша қазақ балабақша жағдайында зерттеу жұмыстары  алғаш рет жүргізді. 
Кіріспеде зерттелетін тақырыптың маңыздылыңына қатысты  мәселелер айтылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ғалымдарының сөйлеу тілі онтогенезін зерттеу проблематикасының тарихына шолу жасалды
     Бірінші бөлімде ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілі онтогенезі барысында ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерінің өзектілігі айтылды. Екінші бөлімде ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінде дыбыс айтуының дамуына қатысты зерттеулер дыбыс айтуының, дыбыстарды фонематикалық естуіндегі ерекшеліктері қарастырылды. Үшінші бөлімде балалардың сөздің қоры, сөйлеу тілінің  лексикалық жағының ерекшеліктерін зерттеу, сөздің мағынасын түсіну мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры және оны байыту мәселелеріне негізгі тексеру әдістері қолданылды. Төртінші бөлімде ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымының  қалыптасуы қарастырылды. Бесінші бөлімінде мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің ерекшеліктерімен  дамыту  мәселелері бойынша эксперименттік зерттеу мәліметтері берілді.
     Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың онтогенез барысында ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтауға  арналған диагностикалық әдістемелер ұсынылған Қосымшаға ерекше назар аударуға тұрарлық.
Әдістемелік ұсынымдар мектепке дейінгі жастағы балалардың ана тілінің тілдік жүйесін диагностикалауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша практикалық қызметкерлерге, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға көмек  көрсетеді.
Әдістемелік ұсынымдар баланың сөйлеу белсенділігін арттыруға мүдделі мектепке дейінгі мекемелердің әдіскерлері мен тәрбиешілеріне, психологтарға және ата-аналарға пайдалы болады.

Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz