«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» РММ 2021 жылдың 11-21 қантар аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды.
2021 жылдың 11-21 қантар аралығында Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық-ғылыми практикалық орталығында жалпы білім беретін мектептердің оқу-ісі жөніндегі меңгерушілері мен мұғалімдеріне арналған «Жалпы білім беретін мектепте балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және оларға қолдау көрсету» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді.
Курс жұмысына педагогикалық ЖОО-да «Инклюзивті білім беру» пән оқытушылары де қатысады.
Курстың мақсаты:
1) бекітілген нормативті-құқықтық актілерімен инклюзивті білім беруді дамытудың мемлекет саясатының негізгі бағыттарын зерделеу; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды мектепте психологиялық-педагогикалық қолдаудың әлеуметтік-педагогикалық аспектілері;
2) жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқушылардың білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау алгоритмдерін, командалық тәсіл ұстанымына сәйкес меңгеру;
3) психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен сәтті қатынас орнату дағдысын меңгеру, оқу бағдарламаларын бейімдеу және жекелендіру және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалап, оларды жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыруда ата-аналармен табысты қатынас орнату.
Оқыту барысында курс қатысушылары инклюзивті білім беру саясаты мен әдіснамасының негізгі түсініктерін, инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық және отандық заңнамалық базаларын қарастырады; ҚР-ның орта білім беру реформасы контектінде инклюзивті білім берудің дамуын талдайды, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар топтарының сипаттамаларын, ПМПК қорытындысы бар оқушыға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетудің бағыттарын анықтауды және т.б. мәселелерін қарастырып, үйренеді.
Сабақтар орыс тілінде онлайн режимінде жүргізіледі.