«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» РММ 2020 жылдың 26 қазан -04 қараша аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды.
2020 жылдың 26 қазан - 04 қараша аралығында «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» РММ-де психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері жағдайларында психологиялық-педагогикалық көмек көрсету» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді.
Курстың мақсаты: психологиялық–педагогикалық түзету кабинетіндегі, оңалту орталығындағы жетекшілердің заманауи психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік ықпалдардың, білім беру мен тұзету тәжірибенің нәтижелі технологиялардың негізінде ұйымдастырушы-басқарушылық біліктілік пен шеберлігін арттыру.
Оқыту барысында курс қатысушылары арнайы білім беру ұйымдарының іс-әрекетін ұйымдастыру сұрақтары бойынша отандық заң базасына соңғы енгізілген өзгерістермен таңысады; психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-әрекетінің ҚР-дағы білім беру реформаларға қатысты аспектілерін қарастырады; дамуында түрлі бұзылыстары бар (интеллектуалдық дамуының бұзылыстары, сенсорлық бұзылыстар, аутизм және т.б.) балаларға бағытталған психологиялық түзету жұмысының қазіргі әдістерін, ерте жастағы балаларды оңалтудағы заманауи тәсілдерін, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға және олардың отбасыларына психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттер мен оңалту орталықтарында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің мазмұнын, әдістерін; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар баланың жеке түзете-дамыту бағдарламасын жоспарлауды, балалардың халықаралық аурулар жіктемесіндегі функционалды кемшіліктердің аясында психоәлеуметтік даму дамуын комплексті түрде бағалау жүйесін және тағы басқаларын оқып үйренеді.
Сабақтар қазақ тілінде онлайн режимінде жүргізіледі.
Іс-шараның координаторы: Бағдарлама-222 «Арнайы білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру».