«Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» ММ 2020 жылдың 05-14 қазан аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды.
2020 жылдың 05-14 қазан аралығында Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығында мектепке дейінгі арнайы және жалпы білім беру ұйымдардың логопедтеріне арналған «Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді.
Курстың мақсаты: мектепке дейінгі арнайы және жалпы білім беру ұйымдары логопедтерінің тілдік онтогенез заңдылықтарын ескере отырып, сөйлеу бұзылыстарын диагностикалау және логопедтік-түзету жұмысын жоспарлау мәселері бойынша кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Міндеттері:
1) тыңдаушылардың «онтолингвистика» ұғымы мен психолингвистика саласындағы заманауи зерттеулер туралы түсініктерін кеңейту; ана тілінің тілдік онтогенезі проблемаларына заманауи тәсілдерді қарастыру;
2) тілдік бұзылымдарды жеңу бойынша түзету жұмыстарының логопедттік практикадағы тиімді әдістерімен, ойын технологиялары тәсілдерімен және де артикуляциялық гимнастиканың дәстүрлі емес тәсілдерімен таныстыру;
3) баланың логопедпен бірлескен іс-әрекетке ынталандыру дайындығы туралы және мектепке дейінгі жастағы баланың түзету процесінің толыққанды қатысушы ретіндегі белсенді ұстанымын одан әрі қалыптастыру туралы ұғымдарды кеңейту;
4) ойын әдістерін қолдана отырып, топтық (жекелік) түзету сабағының технологиялық картасын дайындауға қойылатын талаптармен таныстыру;
5)логопедтің және денсаулық сақтау технологияларын енгізу мамандарының тілдік бұзылымдары бар балалармен жұмыстарындағы өзара іс-әрекеттерінің ерекшеліктерімен таныстыру; мектепке дейінгі жастағы балалармен тілдік бұзылымдарын түзету бойынша логопедтік жұмыста ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолданудың заманауи мүмкіндіктерін талқылау.
Сабақтар қазақ тілінде онлайн режимінде жүргізіледі.
Өту орны: ММ «ТП ҰҒПО» Алматы қаласы.
Іс-шараның координаторы: Бағдарлама-222 «Арнайы білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру».