«Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» ММ 2020 жылдың 14-23 қыркүйек аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды.
2020 жылдың 14-23 қыркүйек аралығында Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығында жалпы білім беру мектептердің оқу-ісі жөніндегі меңгерушілері және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық колдау көрсету (инклюзивті білім беру жағдайында)» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді.
Курс жұмысына инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу «Қамқорлық» Қорының бастамасымен іске асып жатқан Жол картасы бойынша жалпы білім беру мектептердің әдіскерлері де қатысады.
Курстың мақсаты:
1) тыңдаушыларды білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға жалпы мектепте көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты әдістемелік, технологиялық және әдіснамалық білім мен дағдылармен қамтамасыздандыру;
2) білім беру ұйымдарының жетекшілері мен педагогтарын инклюзивті білім берудің тәжірибесіне дайындау.
Оқыту барысында курс қатысушылары инклюзивті білім беру саясаты мен әдіснамасының негізгі түсініктерін, инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық және отандық заңнамалық базаларын қарастырады; ҚР-ның орта білім беру реформасы контектінде инклюзивті білім берудің дамуын талдайды, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар топтарының сипаттамаларын, қолдау көрсету қызметтің мамандар міндеттерін зерттейді, ПМПК қорытындысы бар оқушыға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетудің бағыттарын анықтауды және білім алудағы ерекше қажеттіліктерін бағалауды, балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қажет құралдар жиынтығын, оқу бағдарламаларын бейімдеу және жеке оқу бағдарламаларын құрастыруды және т.б. мәселелерін қарастырып, үйренеді.
Сабақтар қазақ тілінде онлайн режимінде жүргізіледі.
Іс-шараның координаторы: Бағдарлама-222 «Арнайы білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру».