А.Т.Баймуратова, Г.А.Абаева, Н.Ю.Преображенская. «Білім беру ұйымдарында ымдау тілін қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулық», 2019 ж.

Осы әдістемелік басшылық есту қабілетінің бұзылымдары бар балаларға білім беру жүйесінде сарамалық тәсіл негізінде ымдау тілін қолданудың орындылығын негіздемелеу мақсатында әзірленген. 
Оның өзектілігі есту қабілетінің бұзылымдары бар балаларға арналған арнайы мектеп бітірушілер білімінің аса төмен деңгейімен шарттастырылған, онда оқыту ауызша (сөздік) және ауызша-көру (сөздік-дактильдік/жазбаша) негізінде құрылған және осы қажеттілікке байланысты ымдау тілін ана тілі ретінде оңалту арқылы сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз етуде.
Әдістемелік басшылықты дайындау кезінде есту қабілетінің бұзылымдары бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту  тілі ретіндегі ымдау тілінің, ымдау тілін лингвистикалық талдау, сөздік-ымдау екі тілділік (билингвизм), ымдау тілін оқыту технологиясының, естімейтіндердің шағынәлеуметі мен еститіндердің шағын әлеуметінің мәдениет аралық қарым-қатынасының проблемелары бойынша ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жеткілікті түрдегі үлкен көлемі зерттелген.   
Ымдау тілін қолдану проблемалары бойынша мамандар ұстанымының күрделілігіне қарай Әдістемелік басшылық түсіндірмелік сипатта берілген. Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші  бөлімде қарым-қатынас және лингвистика тұрғысынан ымдау тілі туралы жалпы түсінік берілген, екінші бөлімде ымдау тілін есту қабілетінің бұзылымдары бар балаларға білім беру жүйесінде қолданудың стратегиялық аспектілері ашылған және үшінші бөлімде бұл аспектілердің Қазақстан Республикасында жүзеге асыру талаптары сипатталған. 
Әдістемелік басшылық  099 «Мектепте сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету» (102 «Орта білім саласындағы әдістемелік басшылық» қосымша бағдарламасы) бюджеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленген және есту қабілетінің бұзылымдары бар балаларға арналған арнайы бала бақшалар мен мектептердің педагогикалық қызметкерлеріне, жалпы білім беретін ұйымдарға біріктірілген естимейтін балаларды оқытуды және тәрбиелеуді іске асыратын мұғалімдер мен тәрбиешілерге, орташа және жоғары білім беретін,   оның ішінде сурдопедагогтарды, білім басқармасы органдарының мамандарын дайындайтын оқыту ұйымдарының оқытушыларына, сондай-ақ есту қабілетінің бұзылымдары бар балалардың ата-аналарына арналған.   
 

Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz