«Кiшi мектеп жасындағы балалардың ауызша және жазбашасөйлеу тiлiндегi бұзылыстар бойынша түзете-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру»

2014  жылдың  қараша айының 17-24-і аралығында Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы негізінде «Кiшi мектеп жасындағы балалардың ауызша және жазбашасөйлеу тiлiндегi бұзылыстар бойынша түзете-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру» атты жалпы бiлiм беретiн және арнайы мектептердiң логопедтерi мен бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң біліктілігін жетілдіру курстары өтті

Жоғарыда аталған біліктілікті жетілдіру курстарына Алматы, Астана қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан жалпы бiлiм беретiн және арнайы білім беру ұйымдарының логопедтерi мен бастауыш сынып мұғалiмдерi қатысты. 
 
Аталмыш курстар барысында пед. ғыл. канд., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Өмірбекова Қ.Қ., мед. ғыл. канд., доцент Шубаева Г.С., филол. ғыл. канд., доцент, заңгер Сейсенова А.Д., ТП ҰҒПО-ның зертхана меңгерушісі, пед. ғыл. магистрі Тулебиева Г.Н.,  ТП ҰҒПО-ның  ғыл. қызм., пед. ғыл. магистрі Ибатова Г.Б., Дефектология магистрлері Дербисалова Г.С. мен Ермағамбет Ә.Ы. дәрістер оқып, сабақтарды ұйымдастырды. Дәрістер мен практикалық сабақтар төмендегі тараулар бойынша ұйымдастырылды:
 
1.Қазақстан Республикасының заңнамасында кепілді түрде белгіленген адам құқықтары. Мүмкіндіктері шектеулі және дамуында бұзылыстары бар балаларға педагогикалық, психологиялық,  түзету  және әлеуметтік көмек көрсету жүйесі. 
Дәрістер барысында Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Қазақстан Республикасының  «Білім туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау», «Кемтар балаларға әлеуметтік, медициналық, педагогикалық және психологиялық көмек көрсету арқылы қолдау» заңдары талқыланып, басты баптары бойынша материалдар ұсынылды. Білім беру саласында еңбек етіп отырған мамандарға мүмкіндіктері шектеулі балаларға көрсетілетін көмек түрлері, түзете-педагогикалық қолдаудың қағидалары, мемлекет тарапынан кепілді түрде көрсетілетін көмек, мүгедек балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы ақпараттар мен мәліметтер толығымен қарастырылды. 
 
2. Сөйлеу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы. Сөйлеу тілі бұзылыстарының шығу тегі, жіктелуі, клиникасы мен оңалту шаралары.  
Дәрістер барысында Орталық және шеткі сөйлеу аппараттарының құрылысы. Фонацияның, артикуляцияның физиологиялық механизмдері. Сөйлеу мүшелері мен жүйке жүйесінің арасындағы байланыс туралы мағлұматтар ұсынылды. Сол сияқты медициналық тұрғыдағы сөйлеу бұзылыстарының этиологиясына сипаттама беріліп, сөйлеу тілі бұзылыстарының клиникалық жіктелуі мен сөйлеу мүшелерінің патологиясы туралы мәліметтер берілді.
 
3. Жалпы білім беру мектептеріндегі бастауыш сынып оқушылары мен әртүрлі санаттағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың сөйлеу тілінің қалпы мен ерекшеліктері.
Бұл топтағы дәрістер мен практикалық сабақтар барысында  қатысушыларды жалпы білім беру ұйымдарында оқитын балаларда кездесетін сөйлеу тіліндегі бұзылыстармен таныстырып, қазақ тілінде оқитын  бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша сөйлеу тіліндегі бұзылыстарының түрлері және таралуы, сөйлеу тілі бұзылыстарының баланың оқуына тигізетін әсері туралы баяндалды. Сонымен қатар тыңдаушыларды түрлі санаттағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың психологиялық және педагогикалық сипаттамасы, сөйлеу тілінің ерекшеліктері туралы айтылып, сөйлеу тілінің даму деңгейі мен бұзылыстардың түрін түзете-дамыту үдерісінде ескерудің мәнін көрсету жайында айтылды.
 
4. Сөйлеу тілі бұзылыстарының топтастырылуы. Дисграфия және дислексия: топтастырылуы, этиологиясы, сипаттамасы, белгілері, механизмдері.          
Бұл дәрістер мен сабақтар барысында сөйлеу тілінің топтастырулары мәселелері талқыланды. Дислалия, ринолалия, алалия, афазия, дизартрия, тұтықпа, брадилалия, тахилалия, дислексия, дисграфия, дизорфография сияқты бұзылыстар туралы айтылды. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы мәселесіне қысқаша тарихи шолу жасалып, дислексия, этиологиясы, жіктелуі; Т.Г.Егоров бойынша оқу дағдысының қалыптасуының деңгейлері, оқу бұзылысы механизмдерінің психологиялық аспектісі, дислексия және кеңістіктік түсініктерінің бұзылысы, дислексия және ауызша сөйлеу тілінің бұзылысы; дисграфия, этиологиясы, жіктелуі, әріп және буын деңгейіндегі қателер; персеверация, антипация; сөз деңгейіндегі қателер туралы баяндалды. 
 
5. Жалпы білім беру мектебінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру.
Дәрістер барысында жалпы білім беру мектептеріндегі логопедиялық жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері, логопедтің қызметтік міндеттері, логопедиялық құжаттардың мазмұны мен құрылысы, сөйлеу картасы, жоспарлар түрі, құрастыру ерекшеліктері, логопедтің басқа педагогтармен және ата-аналармен өз ара байланысы, логопедтің есеп беру  формасы талқыланды. 
 
6. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын алдын алу. Жазбаша сөйлеу тiлiнің бұзылыстарын түзету қағидалары, бағыттары, мазмұны, түзету тәсілдері мен жолдары.
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын алдын алу шараларының түрлері, алғашқы (бірінші реттік) сақтандыру шараларының мақсаты, екінші реттік сақтандыру шараларының мақсаты, алдын алу жұмыстың бағыттары, ерте жастан дисграфиядан сақтандыру шаралары, мектепке дейінгі орта және ересек жастағы балаларды дисграфиядан сақтандыру талданып, жүргізілетін жұмыс түрлері ұсынылды. Сонымен қоса жазбаша сөйлеу тiлiнің бұзылыстарын түзету тәсілдері мен жолдары ұсынылып, жұмыс бағыттары мен мазмұнына арналған дәріс материалдары оқытылды.  
 
7. Алматы қаласындағы № 9 мектеп-интернатының негізінде сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды түзете-дамыту жолдары, сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды оқыту, түзете-дамыту және тәрбиелеу жұмысының ерекшеліктері бойынша практикалық сабақтар.
Ұсынылып отырған дәрістер мен сабақтар барысында қазіргі кезде қолданыста бар әдіс-тәсілдер таныстырылып, олардың тиімді түрлері туралы баяндалды. Сонымен қатар жоғарыда аттары аталған мекеменің негізінде түзете-дамыту және оқу-әдістемелік жұмыс пен тәжірибе материалдары осы дәрістер барысында таныстырылды.  Мектеп ұстаздары Джумагулова А. Н., Джамбакиева Е.В., Жүктібаева А.М., логопед мамандар Азанова Л. Д., Гурьянова И. П., Исламова Д.М., Мапаева А. сабақтар өткізіп, жеке және топтық жұмыс түрлерімен таныстырып, сыныптан тыс жұмыстарын көрсетті.
Курс аумағында «Қазақ тілінде оқитын мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы білім беру» зертханасының ғылыми қызметкерлері бірнеше жыл көлемінде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары бойынша пәнаралық семинар жұмысын ұйымдастырып, өткізді. 
Шара соңында курсқа қатысушы мамандарға алдын ала дайындалған сауалнама сұрақтары таратылып, толтыру ұсынылды. Тыңдаушылардың барлығы курс туралы пікірлерін білдіріп, талап-тілектерін айтты.
 
Курсқа қатысушы мамандар еліміздің заңнамасы бойынша ресми құжаттар және дәрістер мен сабақтардың материалдарын үлестірмелі түрде электронды нұсқада алды. 

«Кiшi мектеп жасындағы балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу тiлiндегi бұзылыстар бойынша түзете-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру» атты жалпы бiлiм беретiн және арнайы мектептердiң логопедтерi мен бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң біліктілігін жетілдіру курстарының  жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейсенова А.Д.          
 
Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz