«Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» ММ 2019 жылдың 18-27 қараша аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды.
2019 жылдың 18-27 қараша аралығында Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығында арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың, оңалту орталықтарының тәрбиешілеріне арналған «Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдар жағдайында оқу-тәрбие және дамыту үдерісін ұйымдастыру» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді.
Курстың мақсаты: заманауи психологиялық – педагогикалық технологиялар мен әлемдік үздік оқыту-тәрбиелеу тәжірибесінің негізінде арнайы мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби біліктіліктерін арттыру, тұлғалық және кәсіби өзін-өзі жетілдіру.
Міндеттері:
•ерте және мектепке дейінгі жастағы білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері, олармен түзету-педагогикалық, тәрбие беру жұмысын жүргізудің әдістері мен технологиялары аясындағы ағымдық жағдайын және мәселелердің заманауи ой-пікірлерін талдау;
•мүмкіндігі шектеулі ерте және мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін оқыту және дамыта-түзету жұмысын олардың жеке-типологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау, орындау және талдау дағдыларын дамыту;
•балалардың ата-аналарын психологиялық-педагогикалық насихаттаудың әдістерін, құралдарын қолдануды, түзету-оқыту міндеттерін шешу жолында отбасымен серіктестік өзара әрекеттесуді орнатуға үйрету.
Оқыту барысында курс қатысушылары мүмкіндігі шектеулі ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың психофизиологиялық дамуының және жеке-типологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оқыту-тәрбиелеу және дамыта-түзету жұмысын стратегиялық жоспарлаудың проблемаларын түсінуді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, Нумикон және Монтессори-педагогика әдістерін, баламалы коммуникация жүйесі, визуальды ортаны ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін қолдануды үйренеді.
Өту орны: ММ «ТП ҰҒПО» Алматы қаласы.
Іс-шараның координаторы: Бағдарлама-222 «Арнайы білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру».