«Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» ММ 2019 жылдың 16-25 қыркүйек аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды.
2019 жылдың 16-25 қыркүйек аралығында Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығында оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіндегі психологтарға арналған «Қазақстан Республикасында АСБ бар балаларға көмек көрсетудің тиімді технологиялары мен бағдарламаларын ендіру» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді.
Курстың мақсаты: педагог-психологтардың аутизм спектрінде бұзылуы бар балаларға психологиялық-педагогикалық түзетушілік көмек көрсету біліктілігі бойынша заманауи технологиялары мен үздік оқу-түзету тәжірибесі негізінде кәсіби дамуы.
Міндеттері:
• АСБ бар баланың психикалық, соматикалық және әлеуметтік ортасын диагностикалау, емдеу және ерік – жігер ортасын түзетудің, жеке даму бағдарламасын стратегиялық жоспарлау біліктіліктерді қалыптастыру;
• аутистикалық спектрінде ауытқуы бар балалармен, олардың ата-анасымен жүргізілетін түзету жұмысының заманауи және тиімді тәсілдемелерімен, әдістерімен, формаларымен таныстыру;
• ABA – терапиясының, PECS, TEACCH-терапияның, сенсорлы – кіріктіру жүйесінің, коммуникацияның альтернативті жүйесінің әдістерін қолданудың тәжірибелік қабілеттілігін қалыптастыру.
Оқыту барысында курс қатысушылары Баланың онтогенездегі психикалық-эмоционалдық дамуына, Аутистік спектрі бар балаларға психологиялық-педагогикалық мінездемелеріне, АСБ бар балаларды білім ұйымдарына психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге қатысты мәселелерді қарастырады, оңалту орталығында және ППТК жағдайында АСБ бар балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың технологияларын қолдануды үйренеді.
Өту орны: ММ «ТП ҰҒПО» Алматы қаласы.
Іс-шараның координаторы: Бағдарлама-222 «Арнайы білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру».