2014 жылғы қазан айының 6–15 аралығында «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында психикалық дамуында тежелісі бар балаларды түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру» атты түзете-дамыта оқыту сыныптарының мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы өтті
Курс жетекшісі : Жанғазиева Т.Ә.
Аталған курстың мақсаты - жалпы білім беретін мектептерде психикалық дамуы тежелген балаларды түзете-дамыта оқытудың негізгі бағыттары және жүйесімен тыңдаушыларды таныстыру.
Курс төмендегі тараулар бойынша ұйымдастырылды:
Қазақстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі балаларға педагогпкалық, психологиялық, түзету және әлеуметтік көмек көрсету жүйесі. Қазақстан Республикасының арнайы педагогпка саласына қатысты заңнамалық базасына шолу.
Дәрістер барысында Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау», «Кемтар балаларға әлеуметтік, медициналық, педагогикалық және психологиялық көмек көрсету арқылы қолдау», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету туралы» заңдары талқыланып, басты баптары бойынша материалдар ұсынылды.Жалпы білім беру саласында еңбек етіп жүрген мамандарға мүмкіндіктері шектеулі балаларға көрсетілетін көмек түрлері, түзете-педагогикалық қолдаудың қағидалары, мемлекет тарапынан кепілді түрде көрсетілетін көмек, мүгедек балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы ақпараттар мен мәліметтер қарастырылды. ҚР-нда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық қолдау жүйесі толыққанды түсіндірілді. Сонымен қатар еліміздемүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру парадигмасына қосу мәселелері тұжырымдама негізінде ұсынылды.
ҚР-да инклюзивті білім беруді дамыту. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзнвті білім беру ұйымдарына орналастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар.
Инклюзивті білім беру ұғымы, мемлекет саясаты мен әдістемесі түсіндіріліп, инклюзивті білім беру саласындағы заңнамалар талқыланды. Инклюзивті білім беруде басқа мемлекеттердің тәжірибесі сарапталып, кіріктіру модельдері ұсынылды. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдаудың психологиялық-педагогикалық негіздері түсіндіріліп, жалпы білім беру үдерісіне кіріктірілген білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялык-педагогикалық тұрғыдан қолдау технологиялары қарастырылды. Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайында жалпы және арнайы білім беру жүйелерінің өзара әсері туралы ақпарат берілді.
ПДТ балаларды түзете-дамыта оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны және негізгі бағыттары. Мектептегі психологиялық-педагогикалық консилиум. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар.
Ұсынылып отырған дәрістер мен сабақтар барысында психикальқ дамуы тежелген балаларды түзете-дамыта оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен негізгі бағыттары және тұжырымдамасы ұсынылды. Сонымен қатар ПДТ балаларды клиникалық-психологиялық топтастыру шеңберінде К.С.Лебединскаяның психикалық даму тежелісінің негізгі 4 нұсқасы көрсетілді. Түзете-дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері және міндеттері белгіленіп, түзете-дамыта оқытудың тұжырымдамасы талқыланды. Мектептегі психологиялық-педагогикалық консилиум жұмысын ұйымдастыру, оның мақсаты мен міндеттері туралы материалдар ұсынылып, консилиумның әр маманы рәсімдеп жүргізетін құжаттарының үлгілері беріледі. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру ортасында психологиялық-педагогикалық қолдаудың әдістемелік ұсыныстары талқыланды.
Психикалық дамуы тежелген балалардың отбасымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері мен ролі.
Дәрістер барысында курс тыңдаушылары психикалық дамуы тежелген балалардың шығармашьлық қабілеттерін дамыту, ойын түрлері және оларды сабақ барысында қолдану әдіс-тәсілдерімен танысты. Дәрістің екінші жартысында практикалық бағытта материалдар ұсынылды. Практикалық жұмыс барысында тыңдаушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, психикалық дамуы тежелген балалармен сабақ барысында ойын әдісін қолдану ерекшеліктерін талқылады.
Аталған санаттағы балалардың отбасылармен кешенді жұмыс атқарылуы тиіс. Бұл балалардың отбасыларында түрлі әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық мәселелер кездесетіндіктен, жүйелі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу арқылы педагогикалық-түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары көрсетілді.
ПДТ балалардың клиникалық сипаты. Психикалық дамудың тежелуіне тән синдромдар.
Бұл топтағы дәрістер мен практикалық сабақтар барысында қатысушыларды психикалық дамуы тежелген балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерімен таныстырып, қазіргі кезде колданылып жүрген клиникалық-физиологиялық топтастыру туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың дамуының сипаттамасы жайында баяндалды.
Дәрістер барысында психикалық дамуы тежелген балалардың клиникалық сипаттамасы беріледі. Психикалық даму тежелуінің жіктелуі (Т.А.Власова, М.С.Певзнер, Г.Е.Сухарева, К.С.Лебединская және В.В.Ковалев бойынша) ұсынылды. Шекаралық зият жетіспеушілігі туралы түсінік беріліп, психикалық инфантилизм синдромы, церебрастениялық синдром, гипердинамиялық синдром, психоорганикалык синдромдар түсіндірілді.
ПДТ оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы түзете-дамыту үдерісінің ұйымдастыру-педагогикалық аспектілері. ПДТ оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды бағдарламалық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету және құжаттамалар.
Бұл топтағы дәрістер мен іс-тәжірибиелік жұмыстар барысында қазіргі кезде қолданыста бар әдіс-тәсілдер таныстырылып, олардың тиімді түрлері туралы баяндалды. Сонымен қоса арнайы білім беру мекемелерінің негізінде түзете-дамыту және оқу-әдістемелік жұмыс пен тәжірибе материалдары дәрістер барысында таныстырылды. ПДТ оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды бағдарламалық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету және құжаттар практик мамандар тарапынан ұсынылды. Тыңдаушылар ашық сабақтарға қатысып, сабақтарды талқылау барысында өзара тәжірибе алмасып, білімдерін арттырды.
Курс барысында тыңдаушылар «Кеңес» мүгедектерді оңалту орталығы және ӘБЕО жұмыстарымен танысты, «Жанұя» арнайы кешеніне ашық сабақтарға қатысып, талқылау арқылы тәжірибе алмасты. Аталған орталықтардың логопед, дефектолог, психолог мамандарымен танысып кәсіби қарым –қатынас орнатуға келісті. Сабақтан тыс кезде тыңдаушылар қаланың көрікті жерлерін аралап, М.Әуезов ат. театрға барып қызықты қойылымдар көріп, өнер ордасының шеберлігіне тәнті болып дән ризашылықтарын білдірді.
Оцените новый дизайн сайта