«Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» ММ 2019 жылдың 13-22 мамыр аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды.
2019 жылдың 13-22 мамыр аралығында Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдарының педагог-дефектологтарына арналған «ПМПК жағдайларында дефектолог-педагогтың жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді.
Курстың мақсаты: психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемелердің дефектолог мамандардың балалар психикалық даму бұзылыстарын диагностикасы мен кеңес беру мәселелері бойынша ең мықты әлемдік тәсілдердің негізінде кәсіби дамуы.
Міндеттері:
• ПМПК педагог-дефектологтың рөлі мен мисссиясы түсінігін дамыту, республикада арнайы және инклюзивті білім беруді дамытуға қатысты мәселелерге қарасты жекелік және кәсіби тұрғыда өзіндік жетілуі, ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша тұрғындарға диагностикалық-кеңестік көмек көрсету;
• дефектологтардың балалардағы психикалық даму бұзылыстарын диагностикалау және кеңес беру саласында негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру;
• өз кәсіби қызметін жақсартудың дағдыларына, әдістеріне, формалары мен тәсілдеріне үйрету;
• ерте, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың даму бұзылыстарын диагностикалау мен кеңес берудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту барысында курс тындаушылар педагогикалық тексерудің заманауи тәсілдемелерін, әдістерін, стандартталған сараптамаларын, ерте жастағы, мектепке дейінгі және мектеп жастағы балалардың психикалық даму бұзылыстарын диагностикалаудың әдістемелері мен тәсілдерін ашып қарастырады. Оқуға қатысушылар практикалық жұмыс дағдыларын, іс-құжаттарды толтыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларымен жұмыс жасау және т.б. дағдыларын жаттықтырады.
Өту орны: ММ «ТП ҰҒПО» Алматы қаласы.
Іс-шараның координаторы: Бағдарлама-222 «Арнайы білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру».