Пресс-релиз
«Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылымипрактикалық орталығы» ММ 2019 жылдың 08-17 сәуір аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды.
2019 жылдың 08-17 сәуір аралығында Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылымипрактикалық орталығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың логопедтеріне арналған «Тіл кемістігі бар мектепке дейінгі балалармен инклюзивті білім беру жағдайындағы логопедиялық жұмыс жүйесі» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді.
Курстың мақсаты: инклюзивті білім беру жағдайындағы логопедиялық жұмыстың мақсаты мен мазмұнына қойылатын замануи талаптардың негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың логопедтердің кәсіби дамуы.
Міндеттері:
·инклюзивті білім беру жағдайындағы мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелердегі логопедтерді мектепке дейінгі мекемелердегі түзету-логопедиялық жұмыс мазмұнымен және ұйымдастырылуымен таныстыру;
·Қазақстан Республикасындағы сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға білім беретін мектепке дейінгі мекемелердегі инклюзивті білім беру жағдайындағы логопедиялық жұмысты регламенттейтін нормативті-құқықтық база бойынша білімдерін кеңейту;
·инклюзивті білім беру жағдайындағы логопедиялық жұмыс мектепке дейінгі жасындағы тіл кемістігінің әрбір түрі бар балаларға түзету-логопедиялық әсер етудің заманауи практикалық тәсілдерін ашу;
·түзету-логопедиялық жұмысында әр-түрлі бұзылыстардың алдын алуға, жоюға бағыттаоған заманауи компьютерлі технологияларды қолдануды үйрету;
Оқыту барысында курс тындаушылар жалпы білім беретін мекемесінде сөйлеу тілі дамуында түрлі кемістіктері бар балаламен жүргізілетін коррекциялық –логопедиялық жұмыстың құрылымы мен мазмұнын, инклюзивті білім берудің заманауи талаптары мен тәсілдерін ашып қарастырады. Сабақ барысында апрктикалық жұмыс дағдыларын. Іс-құжаттарды толтыру, АҚТ дағдыларын жаттықтырады.
Өту орны:ММ «ТПҰҒПО» Алматы қаласы.
Іс-шараның координаторы: Бағдарлама-222 «Арнайы білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру».
Оцените новый дизайн сайта