ПРЕСС – РЕЛИЗ
Білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балалардың сапалы білім алуына тең құқығының болуы Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы, «Қазақстан Республикасында бала құқығы туралы», «Білім туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарында бекітілген. Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі.
Қазақстандағы білім беру жүйесі ортақ білім беру кеңістігі аумағында әртүрлі санаттағы балалармен мақсатты түрде жұмыс жүргізуді қарастыруы қажет. Осыған байланысты білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балалардың құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету білім саласының ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуы салаларындағы мемлекеттік саясаттың маңызды міндеті ретінде қарастыралады.
Қазақстандағы инклюзивті білім берудің даму деңгейінің көрсеткіштерін талдау барысында біздің елімізде инклюзивті білім беруді ендіру мүмкін болатын белгілі бір заңнамалық база (Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы», «Білім туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдары) бар екендігін атауға болады. Дегенмен білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие оқушыларды жалпы білім беру ортасына мақсатты түрде қосу белгілі бір мектептің жеке тәжірибесі түрінде жүзеге асуда және әзірше жаппай таралмаған, себебі оның материалдық базасы, техникалық, оқу-әдістемелік және кадрлық қамтамасыз етілуі жеткіліксіз.
Инклюзивті білім беруді жалпы білім беретін мектепке ендірудің табыстылығы білім беру үдерісінің қатысушылары білім берудегі жаңа тәсілдерді қабылдауға дайын екендігіне байланысты. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда жалпы білім беретін мектептің мұғаліміне ерекше рөл беріледі.
«Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2018 жылға бекіткен жедел жоспарына сәйкес «Жалпы білім беретін ұйым жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау»атты Республикалық семинар өткізеді.
Семинардың негізгі мақсаты: жалпы білім беруге кіріктірілген білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие мектеп оқушыларын педагогикалық қолдаудың бағыттары, мазмұны және технологияларын талқылау үшін сұхбат алаңын құру.
Семинардың негізгі міндеттері:
- инклюзивті білім беруді дамытудағы мемлекеттің саясаты туралы тұтастай түсінікті қалыптастыру (қолданыстағы нормативтік-құқықтық база, бар тәжірибе, негізгі бағыттар мен стратегиялар);
- «ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау» ұғымын қалыптастыру;
- білім беру үдерісі барысында оқушыларды педагогикалық қолдау мазмұны және тәсілдерімен таныстыру (білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие әрбір оқушы үшін білім беру үдерісін жекелендіру, айырмашылықтарға деген толерантты қатынасты қалыптастыру);
- білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балалардың отбасы және мұғалімнің өзара серіктестік әрекеті тәсілдерін анықтау.
Семинар қатысушылары:
Жалпы білім беретін мектептердің директорлары, оқу ісінің меңгерушілер мен мұғалімдері (барлығы 120 адам).
Семинардың өткізілу күні: 2018 жылдың қазан айының 31-і.
Семинардың өткізілу орны: Алматы қаласы, № 64 жалпы мектеп (Медеу ауданы).
Оцените новый дизайн сайта