«Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалармен түзету педагогикалық жұмысын ұйымдастыру»

«Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалармен түзету педагогикалық жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында 21.04.2014- 30.04.2014ж. аралығында ҚР ТП ҰҒПО-нда өткізілген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы логопедтер мен тәрбиешілерге арналған біліктілікті арттыру курсы өтті


 

Курсқа тындаушылар (саны-30 адам) Республикамыздың әр өңірінен: Астана, Алматы, Павлодар, Ақтобе, Қызылорда, Тараз, Орал, Өскемен, Қарағанды қалаларынан; Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтау, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарынан келді.

Тындаушылардың құрамы: басым пайызы сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың логопедтері мен тәрбиешілері, ішінара мектепке дейінгі ұйымдардағы логопедиялық пункт логопедтері, 3 тындаушы коррекциялық кабинеттің логопедтері. Тындаушылардың көбінің базалық білімі «дефектология» мамандығы бойынша жоғары білімді.


Тындаушылардың білімдерін анықтау мақсатында курстың алғашқы күні тақырыпқа сай 10 сұрақтан құрастырылған кіріспе сұрақнама жүргізілді. Сұрақнаманы талдау барысында тындаушылардың теориялық білімдерінің толыққанды еместігі анықталды.


Курста дәріс оқуға төмендегідей дәріс берушілер шақырылды:


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Арнайы педагогика» кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Өмірбекова Қ.Қ., аға оқытушылары: Тулебиева Г.Н., Ибатова Г.Б.; Алматы қаласының «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының бас маманы Леонов И.П., ТП ҰҒПО әлеуметтік педагогы Естемесова Ж., ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы Яковлев В.А., «Тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп» КММ мұғалім-логопеді Рахметова В.Р. және Алматы қ. «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №66 бөбекжай бақшасы» КММ тәрбиешісі – Жатақбаева Б.Н.

Тәжірибелік сабақтарды «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №66 бөбекжай бақшасы» КММ мұғалім-логопеді – Сағымбаева Г.Қ., тәрбиешісі – Сарманова Г.; «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №24 бөбекжай бақшасы» КММ тәрбиешісі мұғалім-логопеді – Адамова Д.Т., тәрбиешісі – Фадеенко Н.И. жүргізді.


Аталған дәріс берушілер курстың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес 21.04.2014ж.-30.04.2014ж. аралығында дәрістік сабақтар мен қатар тәжірибелік сабақтарды да жүргізді. Дәріс сабақтарында мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілі кемістіктерінің түрлері (ЖСТД, Дизартрия, Ринолалия) туралы жалпы түсінік, сипаттамасы, тексеру әдістері мен тәсілдері, қағидалары; аталған балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыс жоспарын құру, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің (ҰОӘ) технологиялық картасын дұрыс және толық толтыру, логопедпен тәрбиешінің және коррекциялық-педагогикалық үрдіске қатысушы басқа мамандар арасындағы байланыс, логопедтің құжаттары, кабинеттің жабдықталуы т.б. жөніндегі мәселелер әбден қамтылды. Дәріс берушілердің барлығы жоғары оқу орнына сай оқытудың жаңа технологияларын, үлестірмелі материалды кеңінен қолданды. Тәжірибе сабақтарында тындаушыларға сұрақтар қойылып, жаңа әдістер мен тәсілдер ұсынылып, берілген оқу материалы талданып отырылды. Зертханалық-практикалық және дәріс сабақтары барысында интерактивті әдістер қолданылды.


Аудио/бейне, мультимедиялық және техникалық құралдарды қолдану:


- мультимедиялық проектор («Пауэр поинт»презентациялары)- курстың барлық жұмыс кезеңдерінде болды. Аудиториялық практикалық сабақтарда елімізде бар нормативті материалдармен танысып, талдау; психологиялық-педагогикалық тексеру қорытындыларына сүйене отырып, жеке балаға дамыту бағдарламасын құру мүмкіндігі болды.

Базадағы бірінші тәжірибелік сабақ ретінде тындаушылар Алматы қаласындағы «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №66 бөбекжай бақшасы» КММ-ге 24.04.2014ж. барды. Онда тындаушылар бөбекжайдағы қазақ тілді топтарына кіріп, педагогтармен балалармен танысты. Мұғалім-логопед Г.Қ. Сағымбаеваның мектепалды даярлық тобында өткізген «Қатынас» білім беру саласының сауат ашу бөліміндегі ҰОӘ-не және тәрбиеші Г. Сарманованың ересектер тобында өткізген «Қатынас» білім беру саласының тіл дамыту бөліміндегі ҰОӘ-не қатысты.


Топ логопедінің, тәрбиешісінің жылдық жұмыс жоспары, алдын ала (перспективті) жоспар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары, әр балаға арнап толтырылған сөйлеу картасы, жеке дамыту бағдарламасы, логопедпен тәрбиеші жұмысының өзара байланыс дәптері, баланың жеке дәптері сияқты құжаттарымен танысты. Сонымен қатар, әрбір логопедпен және тәрбиешімен құжаттарды толтыру жөнінде кеңес алып, пікір алмасты. Бөбекжай бақшасындағы сенсорлы кабинет, аға логопедтің кабинеті, психологтың және өзін өзі тану кабинеті, дене тәрбиесі өткізілетін спорт залымен, музыка залының жабдықталуымен танысты. Бөбекжай тындаушыларға өте ұнады.


Базадағы екінші тәжірибелік сабақ ретінде тындаушылар Алматы қаласындағы «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №24 бөбекжай бақшасы» КММ-ге 28.04.2014ж. барды. Онда тындаушылар бөбекжайдың мектепалды даярлық тобының мұғалім-логопеді Д.Т.Адамованың «Қатынас» білім беру саласының сауат ашу бөліміндегі ҰОӘ және ересектер тобының тәрбиешісі Фадеенко Н.И. «Қатынас» білім беру саласының тіл дамыту бөліміндегі ҰОӘ-не және қатысты.

 

Курс соңында тындаушыларға әдістемелік материалдардың электоронды нұсқасы берілді: нормативті база, бағдарлама материалдары, әдістемелік және анықтама материалдары, логопедиядан әдебиеттер тізімі. Тындаушылардың сұранысын қанағаттандыратындай жағдайлар жасалды: сөйлеу тілі кемістіктері бар балаларды оқытып, тәрбиелеуде қажет оқу-әдістемелік құралдары.


Бақылау жұмысы ретінде тындаушылардан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары қабылданып, тексерілді. Соңғы күні, яғни 30.04.4. курс барысында алған білімдерін тексеру мақсатында тақырыпқа сай тест тапсырмалары ұсынылды, әр қайсысына 28 тест сұрақтары беріліп, 20 минут уақыт бөлінді. Тестке берген жауаптары тексеріліп, бағаланды. Кіріспе сұрақнамамен салыстырғанда, жауаптары дұрыс тындаушылардың саны үстем болды.


Курс соңында тындаушыларға сауалнама таратып, оларды толтыру ұсынылды. Тындаушылардың барлығы өз пікірлерін айтып, өте қуанышты екендерін, дәрістердің көлемі мен мазмұнына және тәжірибелік сабақтарды база мекемелерінде көргендеріне риза болып, қанағаттанғандарын айтып, алғыстарын білдірді.


Сонымен қатар, логопедтерге арналған қазақ тілді курстарда басқа да тақырыптарды терең қарастырса, олардың мерзімі мен санын көбейтіп, өңірлерге барып оқитын курстар ұйымдастырылса екен деген ұсыныстар айтылды.


Сауалнамаларды талдай келе, курстың өткізілу деңгейі өте жоғары екенін, теориялық оқу және тәжірибелік сабақтарының мазмұны толыққанды болып, бүгінгі күннің талаптарына сай өткенін көрсетті. Тындаушылар тақырыпқа сай оқылған дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды жоғары деңгейде жүргізген оқытушыларды жеке атап алғыстарын білдірді: Өмірбекова Қ.Қ., Ибатова Г.Б., Тулебиева Г.Н.


«Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалармен түзету педагогикалық жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша білімдерін арттыру курсынан өткендерін растайтын сертификаттары тапсырылды.


  

«Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалармен түзету педагогикалық жұмысын ұйымдастыру»

 


 


 


 «Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалармен түзету педагогикалық жұмысын ұйымдастыру»

«Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалармен түзету педагогикалық жұмысын ұйымдастыру»

 


 

 

 

 

Курс жетекшісі: қазақ тілінде оқитын мүмкіндіктері шектеулі

балаларға арнайы білім беру зертханасының

ғылыми қызметкері Ибатова Г.Б.

04.05.2014ж.

Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz