1 маусым Балаларды қорғау күніне орай "Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" РММ мамандары балаларға арналған мереке ұйымдастырды. Таңертеңнен бастап орталық ұжымы балаларды жарқын шарлармен қарсы алып, ән айтып, қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды, онда балшықтан жасалған балалар жұмыстары ұсынылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен 2022 жылға арналған Операциялық жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап "Біздің таланттар" музыкалық-шығармашылық байқауы өткізілді. Қатысушылар 6 номинация бойынша өздерінің конкурстық жұмыстарын ұсынды: "Оркестр", "Ақылды қолдар", "Кішкентай биші", "Үздік декламатор", "Бастаушы әртіс", "Алтын дауыс".
Оцените новый дизайн сайта