ҚР Білім және ғылым Министрлігі бекіткен, 2022 жылға арналған Операциялық жұмыс жоспарына сәйкес "Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" РММ-де "Біздің таланттар"атты музыкалық-шығармашылық конкурс жарияланды. Ағымдағы жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін өңірлерде 1 іріктеу кезеңі (аудандық/қалалық) өтті. Байқаудың бірінші кезенніңжүлдегерлері келесі номинацияларда ұсынылды:" Алтын дауыс"," Кішкентай биші"," Жаңа бастаған әртіс"," Үздік декламатор","Ақылды қолдар".
Ағымдағы жылдың 19 мамырында екінші тур басталды, Республикалық конкурстың финалдық кезеңінің қорытындылары 01.06.2022 ж. АИБД ҰҒПО РММ ресми әлеуметтік желілердежарияланады және Балаларды қорғау күніне орайластырылады.
Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз