Пресс-релиз

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ 2022 жылғы 17-27 қаңтарда өткізілетін іс-шаралардың жоспарланғаны туралы хабарлайды.

2022 жылғы 17 қаңтардан 27 қаңтарға дейін жалпы білім беретін мектептердің меңгерушілері мен мұғалімдеріне арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және жалпы білім беретін мектепте балаларға қолдау көрсету» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.

Курстарда барлық оқушылар үшін қандай да бір кемсітусіз сапалы білім беруді қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекеттік саясаттын түсіндіру, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды жалпы білім беруге кедергісіз қосу үшін қолданыстағы нормативтік құқықтық негізді талдау жоспарлануда.

«ерекше білім беру қажеттіліктері», «ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау», «психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу», «оқу бағдарламаларын бейімдеу», «жеке оқу жоспары мен бағдарламалары», «дамуында бұзылыстары бар оқушыларға арналған білім беру процесін ұйымдастырудағы медициналық және әлеуметтік-педагогикалық тәсілдер» ұғымдары ашылып, түсіндірілетін болады.

Тыңдаушылар жалпы білім беретін мектептегі ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау, арнайы жағдайлар жасау, қажеттіліктерді бағалау негізінде психологиялық-педагогикалық қолдау тәртібімен танысатын болады.

Курс шеңберінде мұғалімдер оқытатын сыныптардың ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар үшін бейімдеу және оқу бағдарламаларын жасау бойынша тыңдаушылардың өзіндік жұмысы көзделген.

Курс соңында пікір алмасу, тәжірибе алмасу және өткізілген жұмыс рефлексиясын (назар аударуды, ой түюді) өткізу бойынша дөңгелек үстел жоспарлануда.


Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz